ОҚО-да күннің күрт суытуы туралы ескерту жасалды

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» алдағы үш тәулікте Оңтүстік Қазақстан облысында күннің күрт суытуы туралы ескерту жасады.

«Бүгін, ақпанның 9-ы күні түнде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында қар мол жауып, көктайғақ болады. Ал ақпанның 9,10 және 11-і күндері түнде ОҚО-ның солтүстік аумақтарында ауа температурасы -25-28 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде», - делінген хабарламада.