Еске салайық, Отырар ауданы, Көксарай ауылының 23 жастағы тұрғыны шілденің 21-і күні шомылып жатып, суға батып кеткен болатын. Содан бері өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті іздестіру шараларын жүргізіп келеді. Сүңгуірлердің бұған дейінгі әрекеті нәтижесіз болған. 344 сағат бойы суға түскен құтқару жасағы осылайша марқұмның денесін бесінші рет іздеуге кірісіп отыр. Оларға ауданның ішкі істер қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ марқұмның туыстары қолғабыс етуде.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 31 адам суға батқан. Оның 17-сі кәмелет жасына толмаған балалар болып отыр.