Бұл туралы өңірдің ауылшаруашылығы басқармасында өткен брифингте ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Омаров мәлімдеді.
Ветеринария маманының сөзіне қарағанда, қара малдан ауру жұқтырған бес адам дер кезінде дәрігерге қаралып, тиісті ем қабылдаған.
Осы орайда, сала мамандары үй жануарларынан жұғатын вирусты инфекциялардың тарап кетпеуі мен оны алдын алу бойынша сақтық шараларын күшейтуді қолға алмақ.