Оқиға орнынан алынған нақты ақпарат бойынша, із-түссіз жоғалған Нұрипа Құрбанованың денесі Келес өзенінің жағасынан табылған. Оның 26 жастағы күйеуі полицияға әйелінің денесін қайда тастағанын көрсетті. TVK ақпараты бойынша, күдікті денені өртеуге тырысқан. Өзен жағасынан дене қалдықтары, екі ұялы телефон мен алтын әшекейлер табылған.
ОҚО ІІД қызметкерлері өлі дене табылған жерді қоршады. Сот-қылмыстық сараптама және қалдықтармен нақты сәйкестендіру жұмыстары жүргізіледі.
14:27, 16 Тамыз 2016
ОҚО-да қылмыскер өлтірген әйелін өртеп жібермек болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да күдікті үш баласының анасы, өз әйелі Нұрипа Құрбанованың денесін өртеуге тырысқан, деп хабарлайды TVK телеарнасы.