ОҚО-да қырым қанды безгегі деген күмәнмен жатқызылған ер адам ауруханадан шықты

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегі деген күмәнмен жатқызылған ер адам ауруханадан шықты,

 деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Шілденің 21-інде, Түркістан қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына 42 жасар ер адам  конго-қырым геморрагиялық безгегі деген күмәнмен жатқызылған болатын. Індет ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Шілденің 28-індегі жағдайы бойынша денсаулығы қанағаттандырарлық деп танылған азамат ауруханадан шықты.