Шара аясында Шымкенттегі №5 орта мектепте «Өміріңді сақта» атты флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Балалар мен жастардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген флешмобқа 150-ге жуық оқушы мен ұстаздар қатысты. Шара барысында жасөспірімдер тәртіп сақшыларымен би билеп, қолдарына түрлі плакаттар мен шарларды ұстап шықты. Өңірдің полицейлеріне арнап ҚР ІІО 25 жылдығы мерекесіне орай «25» санын көрсетті. Ішкі істер қызметкерлері де өз кезегінде қызықты құттықтаулар үшін мұғалімдер мен оқушыларға алғыстарын жаудырды.