Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2016 жылы жалпы облыс бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен барлығы 2,7 млрд. теңге бөлінген. Бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу тәртібімен биылғы жаңа оқу жылында 1 сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері (бірінші сыныптың оқулығы 10 дана), 4 сыныптың ағылшын тілі оқулығы, 8 сыныптарға арналған (8 сыныптың оқулығы барлығы 18 дана) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері мен 9 сыныптың дінтану оқулықтары алынды.
Қазіргі таңда оқулықтар 100 пайыз тасымалданып, білім беру мекемелерінде таратылу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылатын болады. Айта кетейік, жаңа оқу жылында облыс бойынша 73699 бала мектеп табалдырығын алғаш аттайтын болады.
19:25, 24 Тамыз 2016
ОҚО-да мектептер 100 пайыз оқулықпен қамтылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 оқу жылына мектептер оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді.