Алмагүл есімді келіншекке баспананың кілтін табыстау сәті Фейсбук әлеуметтік желісінде тарады. Онда 20 жылдық кездесуге жиналған түлектер өздері жинаған қаржыға алынған үйді көп балалы анаға салтанатты түрде табыстау сәті көрсетілген.
Әлеуметтік желі қолданушылары түлектердің бұл қайырымды ісіне алғыстарын білдіруде.
«Сендер бір отбасын қуанышқа бөлеп, игілікті іс жасап қоймай, мына барша елге өнеге болдыңдар»,- деген тіліктер жазып қалдырған.