ОҚО-да мемлекеттік қызмет көрсету саласында 4 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды
Айбек Шілмановтың сөзінше, заң талаптарын сақтамаған қызметкерлерге 29 ұсыныс жолданып, 32-не қатысты тәртіптік жаза қолданылған. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 465-ші бабымен 12 хаттама толтырылған. Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылып жатқан жұмыстар да таныстырылды. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметті барынша оңтайландыру мақсатындағы шаруалар жүзеге асырылған.
«Ағымдағы жылы атқарушы органдар 16 миллионнан астам қызмет көрсеткен. Оның ішінде электрондық қызмет көрсету түрі өткен жылмен салыстырғанда, 62 пайызға артып отыр. Қарапайым азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік мекемелерге тексеру жүргізіліп, қызмет этикасын сақтамаған мамандар департамент тарапынан сынға алынды»,- дейді Айбек Шілманов.