ОҚО-да мемлекеттік қызметшілер көптеген заңбұзушылықтарға жол берген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер көптеген заңбұзушылықтарға жол берген. Бұл кемшіліктер облыста құрылған арнайы жұмыс тобының тексеру нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Түлкібас ауданының 6 мемлекеттік органына тексеру жүргізген топ мүшелері қызмет көрсету мерзімін сақтамау немесе қызмет көрсетуден бас тарту сынды 117 құқықбұзушылықты анықтаған. Ал, сайрамдық мемлекеттік қызметшілер 948 құқықбұзушылыққа жол берген. Нәтижесінде қос ауданның 7 мемлекеттік қызметшісіне тәртіптік шара қолданылды.

Кемшіліктер мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты мамандардың мардымсыз бақылауынан орын алған. Мемлекеттік қызметкерлер қағазбастылықтан әлі де арыла алмай отыр. Халыққа көрсетілген қызметтің 4 пайызы ғана электронды түрде жүргізілгені дәлелденді.