15 пен 25 жас аралығындағы таланттар қазақ вальсінің королі Шәмшінің әндерін, сондай-ақ туған жер туралы және «Түркістан - түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасын да ән-жырға арқау етуде.
Ұйымдастырушылардың сөзінше биылғы ерекшелік шара - Елбасының «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізілуі болып отыр. Осыған орай, іріктеуден өткен жеңімпаздарға арналған гала-концертті шалғайдағы Созақ ауданының орталығында ұйымдастыру жоспарланған.
Айта кетейік, өнер сайысының алғашқы күні 7 өнерпаз ерекше көзге түсіп, ақтық сайысқа өтті. Олар енді теріскей төрінде ән шырқайтын болады.