Кеншілер қаласында өткен акцияға аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар шақырылды. Оларға мектепке қажетті оқу қралдары мен киім-кешектер табыс етілді.
Айта кетейік, аталған мешіттің дін қызметкерлері жыл басынан бері 150 отбасыны әлеуметтік тұрғыда демеген. Азық-түлігінен бастап, күнделікті тұтыну бұйымдарымен де қамтыған. Мешіттің имамы мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады деп отыр.