Мамандардың сөзінше, үш жасар бүлдіршін ауыл шетіндегі каналға батып бара жатқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Оқиға Мақтарал ауданындағы Кеңесшіл елді мекенінде орын алған. Осы күні ауылдағы орта мектепте мұғалiмдер арасында спорттық жарыс өтедi. Сайыстан қайтып келе жатқан Айгүл Тұрсынқұлова каналдың жағасында суға батып бара жатқан бүлдiршiндi байқап қалады. Ол сол сәтте ойланбастан үстiндегi киiмiмен суға түсiп кетіпті. Сөйтіп, суға тұншыққан үш жасар Әбдiсәлiптi сыртқа алып шығады. Ойнап жүріп суға батып кете жаздаған бала мұғалім келіншектің арқасында аман қалды. Мұғалім келіншек те үш баланың анасы екен. Сондықтан баланы көргенде ойланбастан суға секіріп кеткенін айтады. «Менiң орнымдағы кез келген адам солай жасар едi»,- дейдi Айгүлдiң өзi. Қазір бүлдіршіннің жағдайы қалыпты. Оның ата-аналары мен сол ауылдың тұрғындары болса баланы ажалдан аман алып қалған ұстазға ризашылықтарын бiлдiрді.