ОҚО-да мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ел чемпионаты басталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте тірек-қимыл мүшесі зақымдалған және көзі нашар көретін және зағип спортшылар арасында жеңіл атлетикадан ҚР Чемпионаты басталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің 13 облыс, қаласынан спортшылар қатысқан шарада үміткерлер ядро лақтыру, диск лақтыру, найза лақтыру спорт түрлері бойынша сынға түсуде. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі спортшылар 100 м, 200 м, 400 м, 800 м, 1500 метрге жүгіруден де бақтарын сынап жатыр.

Ел чемпионаты мамыр айының 23-нде қорытындыланады.