Бұл жолғы сайыста ерекше спортшылар штангіні жатып сығымдау мен қол күрестен, шахмат пен тоғызқұмалақтан, дойбы секілді ойын түрлерінен сынға түсті. Жігіттер мен қыздар денсаулықтарында ақау болса да, он екі мүшесін сау адамнан артық қозғалды. Зілтемір көтергенде, қол күрестіргенде тәнті болмаған жанкүйер жоқ. Спортшылар қол күрестен ұйымдастырылған жарысқа да белсене қатысты. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталып, оларға естелік сыйлықтар мен арнайы грамоталар табыс етілді.
Айта кетейік, ауданда арнайы күтімді қажет ететін 2 600-ден аса жан тұрады. Оның 800-і - төсекке таңылғандар. Олардың арасында 22 жас мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан спорт мектебіне келіп, денсаулығын шынықтырып тұрады.