Саялы Сарыағаш өңірін дәріптеуге арналған байқау екі жыл сайын дəстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінге дейін аталған аудан жайында 80-ге жуық əндер қоры жинақталса, биылғы жылғы олардың қатары 15 жаңа əнмен толықты.
«Ән тербеген Сарыағаш» облыстық композиторлар байқауында бас жүлдеге Шардара қаласының сазгері Ағабек Донбаев «Сарыағашым-сағынышым» әнімен лайық деп танылды. Бірінші орынға жергілікті сазгер Мейрамбек Тұяқбаев «Сарығашым менің» әнімен ие болса, екінші орын шымкенттік сазгер Мұхит Қасқырбаевқа «Саялы Сарыағашым» әні үшін берілді. Сонымен қатар, үшінші орынды Шымкент қаласының композиторы Айжігіт Асанов «Сарыағашым-жыр әнім» және түлкібастық Мұхамеджан Едігеев «Сарығашым-әнім» әнімен иемденді. Сарыағаш ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Арыс қаласынан Шахизинда Әлімбетов «Сарыағашым» және Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының арнайы жүлдесімен Сарыағаш ауданынан Әбдімәлік Тастеміров «Сарыағашым» әндерімен марапатталды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға аудан әкімінің арнайы Алғыс хаты және ақшалай сыйлықтар табысталды.