«15 маусым күні сағат 19-50-де нөсер жауынның салдарынан Төле би ауданының Киелі тас ауылындағы 6 ауланы, Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы 10 ауланы және Ақтас-1 (Шымкент аумағы) ауылындағы 7 ауланы су басты»,-делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің күшімен суды сорғыту жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы шаралар сағат 22-40-та аяқталды, деп хабарлады ведомство өкілдері.