ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан нысандардың жай-күйі талқыланды
Жиын барысында сөз алған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың ағымдағы жай-күйін баяндады. Басқарма басшысы алдынғы штаб отырыстарында айтылған кемшіліктерді жою жұмыстары баяу іске асып жатқанын жеткізді. Бұл ретте ол Шымкент қаласы, Сарыағаш, Мақтарал, Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандарының әкімдіктері мен құрылыс бөлімдерінің жұмыс жүргізу нәтижелерінің төмен екеніне тоқталды. Басқарма басшысы олқылықтардың орын алуына жол берген аудан, қала әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларына тәртіптік шара көру бойынша ұсыныс жасады.
Мұнан соң сөз алған облыстық сәулет-құрылыс басқармасының басшысылығы 30 техникалық қадағалаушы мекеменің уақытша лицензиясы тоқтатылғанын және бірнеше мердігер мекемеге айыппұл санкциялары қолданылғанын мәлімдеді.
Штаб отырысын қорытқан Дархан Амангелдіұлы аудан, қала әкімдері мен салаға жауапты басшыларға айтылған сын-ескертпелерден тез арада қорытынды шығаруды тапсырды.