ОҚО-да нысандарды терроризмге қарсы дайындамағандар 13 млн теңге айыппұл төлейді
Мұндай тексерулер еліміздің «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 10-3 бабының талаптарына сәйкес және Үкіметтің 2015 жылғы 03 сәуірдегі «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қаулысы негізінде жүргізілген болатын. Нәтижесінде халықтың көп шоғырланатын орындарында аталған бағытта түрлі кемшіліктерге жол берген 48 нысан басшысына әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттамалар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.
Қазіргі таңда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуын, қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамағандарға 13 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұлдар салынды.