Әдемі әзіл мен тапқырлықтың тың үлгісін көрсеткен ойынға Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Арқалық қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысының үздік командалары қатысты.
Сайыс қортындысында көрермендерді күлкіге батырып, қазылар алқасының көңілінен шыққан Оңтүстік Қазақстан облысының «Байдың балалары» командасы бас жүлдені иеленді. Оларға 300 мың теңге көлемінде сыйлық берілді. Екінші орын Қызылорда облысынан келген құрамаға бұйырды. Сыр елінің командасына 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілсе, үздік үштіктен көрінген Шымкент қаласының «Алақай-Балақай» командасы 100 мың теңгелік арнайы сертификатпен марапатталды.
Айта кетейік, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының саны жағынан елімізде көш бастап тұр. Нақтырақ айтсақ, күнгейдегі жастардың саны 800 мыңнан асады.
03:00, 10 Қыркүйек 2017
ОҚО-да облыс әкімінің жүлдесіне арналған республикалық «Жайдарман» КТК ойындары өтті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте дәстүрлі республикалық «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубының ойындары өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған шараның мақсаты -Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мен таланатты жастарға қолдау білдіру болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.