Өңірдің ұн тартушы кәсіпорындары өткен жылы 801 255 тонна ұн, 269 900 тонна кебек шығарған. Шығарылған ұн өнімдерінің құны 62 825 млн. теңгені құрайды. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары хабарлады.
Тартылған ұнның 600 мың тоннаға жуығы, немесе 599 261,5 тоннасы 114 213,3 мың АҚШ долларына сатылыпты.
Жалпы, өңірде ұн тарту кәсібімен оншақты серіктестік айналысады. Олардың ішінде «Алтын дән» ЖШС, «Ерасыл-2030» ЖШС, "Дани-Нан-Group" ЖШС, «Kasimhan Grain Products» ЖШС, "Асыл-LTD" ЖШС-лары негізгі экспорттаушы компаниялар болып табылады.