Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салатанат Қарагөзованың айтуынша, бұл дерекке байланысты тергеу шаралары жүргізілуде.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазір осы қылмысты жасады деген күдікпен бір адам ұсталды. Өзге мәліметтер тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді» , - деді Салтанат Қарагөзова.