«Нұр-Отан» партиясының облыстық филиалы өкілдері, «фристайлдан» Бүкіләлемдік универсиада жеңімпазы Жанбота Алдабергенова, басқарма қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен студенттер және ерікті жастардың басын қосқан шара жастар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресуге бүкіл қоғамды тарту мақсатында өтті. Жиында департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Гүлжан Мұсабекова елдің болашағы жастардың қолында екенін атап өтіп, оларды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
«Бұл акция әр тоқсан сайын жауапты мекемелермен бірлесе отырып, түрлі бағытта жастардың қатысуымен өтуде. Басты мақсаты - «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобына жастарды тарту арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болдақ», - деді Г.Мұсабекова.
Сонымен қатар басқарма басшысы мемлекеттік қызметке қызығушы жастарға департамент тарапынан memkyzmet.kz ақпараттық сайтының жұмыс жасайтындығын, онда мемлекеттік қызметке түсуге арналған заңнамалармен танысуға және сынақ тестінен өтуге болатындығын хабарлады.
Іс-шара барысында «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы жастарының қойылымы көрсетілді. Аталған қойылымда сыбайлас жемқорлықтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсері мен жемқорлықпен айналысқан адамның болашағына кері әсері көрініс тапты.
Жиын соңында жастар форумда айтылған ұсыныстар мен ой-пікірлерді жастар бірауыздан қолдап, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Олар сондай-ақ «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың көліктегі қоғамдық қабылдауында болып, қала тұрғындарына «Есіктен есікке» бағдарламасы аясында ақпараттық брошюралар, плакаттар таратты.