Тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай ашты. Өйткені полиция бөліміне арызданып келген тұрғындар белгісіз тұлғалар үйіне келіп, алтын бұйымдарын ұрлап кеткені туралы көрсеткен болатын. Осыдан кейін жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында кәмелет жасқа толмаған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Тергеу барысында оның тұрғын үйге ешкім жоқта кіріп, алтын бұйымдары мен ақшаларын ұрлап кеткені белгілі болды. Тергеушілер сондай-ақ қолға түскен жасөспірімнің бірнеше рет ұрлық жасағанын анықтаған. Қазіргі таңда сезіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 188 «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
11:38, 04 Қазан 2017
ОҚО-да полицейлер үй тонаған өзбекстандықты ұстады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер тұрғын үйді тонап кеткен өзбекстандық жасөпірімді ұстады. 17 жасар сезікті Қазығұрт ауданының тұрғындарына 1,5 миллион теңгеден аса шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.