ОҚО-да сот орындаушылары алиментті қате есептегені анықталды
Белгілі болғандай жеке сот орындаушылары борышкерлердің берешектерін есептеу кезінде ғаламтор желісіндегі ресми емес мәліметтерге сүйенген. Ал, заң бойынша борышкер жұмыссыз болған жағдайда орташа жалақыны ресми түрде уәкілетті органның мәліметтерімен есептеу қажет еді.
Мәселен, жеке сот орындаушы С. Сүлейменов борышкерлердің орташа айлық жалақысы 122 422 теңге деп алып, алименттің берешек мөлшерін 30 605 теңге деп есептеген. Сөйтіп үш айға 91 815 теңге көлемінде төлеуді міндеттепті. Ал, еліміздің «Ұлттық экономика министрілігі Статистика комитетінің сайтының мәліметіне сәйкес, Республика аумағында бір қызметкердің орташа тоқсандық жалақысы бұл кезеңде 154 632 теңгені құраған. Мағыналас заңбұзушылықтарға тағы 8 сот орындаушы жол бергені анықталды. Осыған орай Сайрам аудандық прокуратурасы наразылық келтіріп, жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауапкершілігін қарастыратын болады.