«Құрметті жүргізушілер!!! Сапарға шыққанда сабырлы, салмақты және абай болыңыздаршы!!! Бүгін тағы қаралы xабар жетті. Шаян-Шымкент тас жолының бойындағы жол көлік оқиғасынан 5 адам қайтыс болды, оның ішінде 2-еуі кәмелетке толмаған... Ағайын, көлікте жалғыз болсаң мейлі, бала-шағаны толтырып алып, заңды сақтамау, жолаушыға жасалған қастандық емес пе, олардың не кінәсі бар», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Прокурор, сондай-ақ, ата-аналарды жолда абай болуға шақырды.