ОҚО-да «Туған жерге тағзым» акциясы аясында спорт кешені ашылды

Фото: None
 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Туған жерге тағзым!» акциясы аясында спорт кешені ашылды. Арыс қаласына қарасты Байтоғай елді мекенінде салынған жаңа нысан ауыл балаларының жыл бойы футболмен айналысуына  мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200-ге жуық түтіні бар ауылдағы заман талабына кешенді  жеке кәсіпкер Хадиша Бижан салып берді. Ол осы ауылдың тумасы  ретінде Байтоғайлық балаларға тамаша тарту жасап берді.
 

Кешенінің ашылу салтанатына  ауыл тұрғындары  түгелге жуық  жиналды. Спорт кешенінің лентасын Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек пен облыстық мәслихат депутаты Рабиға Қуатбекова  қиды.
 
   

Айта кетейік, спорт кешенінде футболшылар үшін барлық жағдай жасалған. Жасыл алаң, арнайы киім шешетін бөлмелер, бәрі де заман талабына сай келеді. Ойынға қажетті құрал-жабдықтардан да мұқтаждық жоқ. Кез келген уақытта доп тебуге болады. Кешенінің ашылу салтанатында футболдан  турнир ұйымдастырылды. Алматыдан, сонымен қатар жергілікті жерден 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларға арнайы сый-сияпат табыс етілді. 
  

Соңғы жаңалықтар