ОҚО-да тұңғыш рет шынтақ буынын алмастыру операциясы жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасында тұңғыш рет шынтақ буынын алмастыру операциясы жасалды, деп хабарлады shymkenttv.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, жылына осындай дертке шалдыққан 100-ге тарта науқас операция жасатамын деп, медициналық көмек күтеді. Назарға алсақ, Астана мен Алматыда күні бүгінге дейін небәрі 5 азаматқа жасанды буын қойылған. Шетелді айтпақ түгілі, Қазақстанның ірі екі қаласында ем-дом жасаудың өзі қарапайым адам қалтасына оңайға соқпайды. Облыстық клиникалық ауруханада қолға алынған ота тегін іске асырылады. Ресейдің озық дәрігерлерімен ота жасаған біздің мамандардың пайымынша, дертке әдетте ревматизммен, брюцеллезбен ауырған, қолын сындырып алған адамдар шалдығады. Ал, ота қымбаттылығымен, технологиялық жағынан өте күрделі болуымен ерекше.