Бұл туралы «Қазақстанның Тұрғынүй құрылыс-жинақ банкі» АҚ ОҚОФ кеңесшісі Шәрипа Қожамжарова мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Аталған банк кеңесшісінің сөзінше, өңірде мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Біріншісі жергілікті әкімдік арқылы болса, екіншісі - «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы бойынша салынатын үйлер. Үйлі болудың қарапайым шарты, есеп-шотыңызда пәтер құнының 30 пайызы жинақталған болуы керек.
«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары «Қазақстанның тұрғынүй жинақ банкі» салымшыларының үйлі болуға деген сенімін арттырып отыр. Бұл бағдарлама арқылы кез келген азамат есепшоттағы қаржысының көлеміне қарамай, конкурсқа қатыса алады. Төлем қабілетіне қарай, пәтер алуға мүмкіндік көп»,-деді Шәрипа Қожамжарова.
Ал, «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы бойынша биыл 180 мыңнан астам шаршы метр болатын баспана тапсырылмақ. Банк өкілдерінің айтуынша, 2018 жылға дейін 3086 пәтерлі 55 үй ел игілігіне беріледі. Осылайша, алдағы 15 жылда ел тұрғындарын толығымен баспанамен қамту жоспары бар. Ілкі жоба ретінде Шымкентте екі коттеджді қалашықтар бой тіктейтін болады.