ОҚО-да ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шараны ұйымдастыруға облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық көрме орталығы ұйытқы болған. Бұл жоба өңіріміздің жас дизайнерлерінің эксклюзивті туындыларын насихаттап, сəнгерлер шығармашылығын қолдауға бағытталған.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрме аясында сән әлеміндегі танымал мамандар тәжірибе алмасты.

Ұлттық киім үлгілерін заманауи жаңғыртуды көздеген байқауда «Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім үлгісі», «Ең үздік күнделікті киім үлгісі», «Ең үздік жұмыс киім үлгісі» сынды бас аяғы 20-ға жуық аталым үздіктер анықталды.

Нәтижесінде, «Эклад Делюкс» топтамасын ұсынған Мақпал Төреханова «Бас жүлде», «Сырлы саз» жұмысы үшін Гүлназ Есенбекова І - орын, «Ұлттық киім» үлгісін жасағаны үшін Әлия Сауғамбаева «Ең үздік жас жұбайларға арналған киім үлгісі» аталымында І - орынды иеленді. Аталған басқа да номинациялар бойынша 20-ға жуық сәнгерлер марапатталды.