деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
«Ақпанның 7-сінде Сарыағаш ауданының Ақжар ауылында «ВАЗ» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі диаметрі 114 миллиметрлік орта қысымды газ желісінің сыртқы құбырын қағып кетті», делінген баспасөз хабарламасында.
Соның салдарынан құбырдың дәнекерленіп түйіскен жері жартылай ажыраған. Газ желісі ақауланған учаскеде газбен қамтамасыз ету тоқтатылды. 8 шкафтық тарату бекеті, жеке сектордың 740 абоненті, мектеп, балабақша және шұжық цехы газсыз қалды.
ТЖМ-нің хабарлауынша, қалпына келтіру жұмыстары ақпанның 8-і күні таңертеңгі 09:00-ға жоспарланған.