«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық білім басқармасы ұйымдастырған шарада колледж студенттері «Мамандықтар әлемі» жобасы бойынша сайысып жатыр. Мәселен, индустриалды-құрылыс колледж базасында жастар ағаш ісі, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс, сылақ жұмыстары және плита қалау бойынша шеберліктерін көрсетуде. Ал, Жол-көлік колледжінің базасында қатысушылар «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Чемпионаттың өту барысы барлық талаптарға сәйкестендіріліп, оны облыстық білім басқармасының мамандары бақылауда. Сайыстың қортындысы ертең белгілі болмақ.