Жастарға мол мүмкiндiк беретiн бұл жобаны ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi мен Халықаралық қайта құру және даму банкi бiрлесе жүзеге асыруда. Мақсаты - жастарды әлеуметтендiру, әсiресе аз қамтылған тұрғындар тобын қоғамдық пайдалы iстерге жұмылдыра отырып, ынталандыру болатын.
Ал, Кентау қаласынан грант ұтқандардың басым көпшiлiгi медициналық массаж және тренажер залы, құс фермасы, кондитерлiк, мал шаруашылығы, ағылшын тiлi клубы, шаштараз, тiгiн шеберханасы, ұлттық нақыштағы сөмке тiгу мен брайн кiтабы сынды жобаларын ұсынған.
Айта кетейік, аталған жоба Қазақстанның 4 өңiрiнде, яғни Оңтүстiк Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумақтарында екi жылдық пилоттық жоба аясында жүргiзiледі.