ОҚО-да жасөспірім демалыс аймағына келушілерді тонап келген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірім демалыс аймағына келушілерді тонап келген. Оның түнделетіп терезелерден кіріп, демалушылардың ақшалары мен бағалы заттарын қолды еткені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

17 жастағы баланың ұрлық жасап жүргені демалушылардың полицияға арызданғанынан кейін белгілі болды. Сайрам аудандық ІІБ-на демалыс орындарының бірінде ұрлық жасалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз біреудің сырттан келген азаматтардың бөлмелеріне кіріп, ақшалары мен ұялы телефондарын ұрлап кеткенін анықтаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары осы қылмыстарды жасаған деген күдікпен 2000 жылы туған жасөспірімді ұстады. Шымкент қаласында тұратын бала осы маңда екі ұрлық жасағанын мойындаған. Сөйтіп жәбірленушілерге 300 мың теңгедей шығын келтірген. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 188-ші бабы «Тонау» әрекеті бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар да тәркіленіп алынды.