Оқиға 23 сәуір күні Арыс ауданының орталығында болған. Жергілікті тұрғын полицияға белгісіз біреулер «Лада» көлігін ұрлап кеткені жөнінде хабарлаған. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары Шымкенттегі бақылау камераларының біріне ұрланған көліктің түсіп қалғанын байқады. Артынша ізін суытпай көлікті тауып, оны кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің алып кеткенін анықтады.
Қазіргі таңда көлікті ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.