Елбасының Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы бойынша және жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен шараға 15 аудан, қаладан 300-ден аса спортшы қатысты.
Облыс деңгейінде үшінші рет ұйымдастырылып отырған жарыста спортшыларымыз футбол, волейбол, шахмат ойындарынан бақ сынасты.
Нәтижесінде: футбол ойындарынан бірінші орынды - Арыс қаласы алса, волейбол ойындарынан І орынды Түркістан қаласының спортшылар иеленді. Ал шахмат ойындарында Қазығұрт ауданы жүзден жүйрік шығып, І орынды қанжығаларына байлады.
Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келетін спорттық турнирге 5 мыңға жуық жас спортшылар қамтылған.
Жалпы, облысымызда 15 аудан, қаладан спорт саласындағы талантты жастар саны 2016 жылдың жарты жылдық қортындысы бойынша 120 416-ға жетіп отыр. Ал салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында облыста жыл басынан бері 968 түрлі іс-шара өтті.