Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы Икрам Толеевтің сөзінше, қарақұрттан зардап шеккендердің басым көпшілігі ер азаматтар. Ауруханаға шымкенттік тұрғындар жиі түсуде екен. Бүгінде ауыр жағдайда жеткізілген 6 жасар бала орталықтың жансақтау бөлімінде жатса, тағы 9 адамға тиісті ем-дом шаралары жүргізілген.
Сондықтан дәрігерлер тұрғындарға аулаларда не болмаса егістік алқаптарда жүргенде ашық-шашық киінбестен, аяқ киіммен жүруге кеңес береді. Мұндай сақтық шаралары өміріңізді аман алып қалуы мүмкін. Себебі, қарақұрттардың күн ысыған сайын уы күшейе түседі.
18:47, 27 Маусым 2017
ОҚО-да жаз шыққалы 33 адамды қарақұрт шаққан
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды қарақұрт шағу деректері жиілеп кетті. Жаз шыққалы бері өңірде 33 адамды осы жәндік шаққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.