ОҚО-да желдің күшеюіне қатысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюіне байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«22-23 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан секундына 15-20, екпіні 23 метрге жеткен желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлайды синоптиктер.