ОҚО-да жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам мерт болды

АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында екі автокөліктің соқтығысуынан шыққан өрттің салдарынан 4 адам қайтыс болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Қарашаның 8-і сағат 00.40 минутта Бәйдібек ауданы, Шымкент-Самара автожолының 59-шы шақырымында «Ауди» және «Хюндай» көліктерінің соқтығысуы болып, оның салдарынан соңғы автокөліктің жануы орын алды. Нәтижесінде «Хюндайдың» жүргізушісі мен үш жолаушы, оның ішінде 10 жасар ер бала жалын құшағында мерт болды.

«Ауди» машинасының жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Өрт ҚР ТЖМ ОҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметінің күшімен сағат 01.40-та сөндірілді.