Айта кетейік, №7 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығында туабітті кемістігі бар мүгедек жəне жастайынан ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер тұрып жатыр.
Облысқа белгілі өнерпаздар оларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, балаларды арнайы құттықтады. Қайырымдылық шарада əуелете əн салып, бүлдіршіндермен қосыла би биледі. Туған жер, Отан, бақытты балалық шақ тақырыбындағы əндерге шаттана қол соғып қуанған балаларға арнайы тəттілер де үлестірілді. Сыйлықтарды облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұжымы тарту етті. Артынша дәл осындай концерттік бағдарлама балалар үйінде де жалғасын тапты.