Қазақтың ұлттық кәсіби театрының негізін қалаушыларының бірі, қоғам және театр қайраткері Жұмат Шаниннің құрметіне облыстық қазақ академиялық драма театрында сахна саңлағының 125 жылдығына орай салтанатты жиын өтті.
«Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты салтанатты шарада қазақ өнерінің қуатты талантының есімі ұлықталып, еске алынды. Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» тарихи драмасының премьерасы сахналанып, ел ықыласына бөленді. Композицияға қатысқан актерлардың шеберлігі мен ұжым мүшелерінің ерік-жігерлері шараны жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.