Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Кентау қаласының тұрғындары полиция бөліміне бірнеше рет арызданған. Айтуларынша бейтаныс адам оларды жұмысқа орналастырып беремін деп алдап, әрқайсысынан 50 мың теңгеден алып кетіпті. Сөйтіп жәбірленушілерге жарты миллион теңгеге жуық шығын келтірген.
Жедел іздестіру шаралары кезінде ұсталған 27 жастағы сезіктінің осындай қылмыстар жасап келгені анықталды. Қазіргі таңда оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.