ОҚО-да жыл басынан бері 27 адам суға кетті
16:10, 17 Тамыз 2017
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 27 адам судан ажал құшқан. Бақилық болғандардың 14-і 12 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Ал жағажайларда қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 24 адамға 266 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.