ОҚО-да жыл сайын 100 тонна бал өндіріледі

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының омарташылары жылына 100 тонна бал өндіреді, аймақ бойынша омарташылықпен айналысатын 1200 шағын, орта және ірі компаниялар бар, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Олар жылына 100 тонна бал өндіреді. Омарташылықты дамыту үшін мемлекет қаржылық қолдау көрсетіп жатыр. Биылғы жылы 3 мың ұяшыққа 9570,0 мың теңгеден қаржы бөлу жоспарланған. Қаржылық қолдауды «Ырыс» микроқаржылық орталығы да жүзеге асыруда, олар «Экомед» ЖШС-ны қаржыландырды. Компания төмендетілген жылдық мөлшерлемемен 5 миллион теңге несие алды. Бұл қаражатқа 480 дана ара ұяшықтары алынды. Олардың әрқайсысына жылына 25-30 келі бал жиналады.

Одан бөлек, биыл «Экомед» кәсіпорыны Аустрия мен Украинадан асыл тұқымды карпат бал араларын әкелді. Олар еңбекқорлығымен және тез жерсінуімен ерекшеленеді. Компания өз өнімдерін Қазақстанның солтүстік және оңтүстік облыстарына және Ресейдің кей аймақтарына экспорттайды.