Ал 2017 жылдың қорытындысымен өңірдегі 57 елді мекен немесе 99,5 мың адам табиғи газбен қамтылып, облыстағы газдандырылған ауыл, аймақтар саны 357-ге (42,3 %), яғни, 1 854 807 тұрғынға (65,3 %) жететін болады.
Мұнан бөлек, осы жылы «Газли-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынан Қазығұрт ауданына «Шанақ» автоматтандырылған газ тарату станциясы (әрі қарай АГТС) және Шардара ауданына №18 «Шардара» АГТС құрылыстары жүргізілуде. Нысандарды 2018 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде аталған аудандарды толығымен газдандыруға жол ашады.
Айта кетейік, облыс табиғи газбен Өзбекстан Республикасынан келетін «Газли-Шымкент» және отандық «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистральды газ құбырларынан қамтамасыз етіледі. Табиғи газға жылдық қажеттілік орташа 1 млрд. текше метрді құрайды.
Соңғы 8 жылда табиғи газбен қамтылмаған 203 елді мекен қосымша газдандырылып, жалпы облыстағы 844 елді мекеннің 300-і (35,5 % ) немесе 1 755 307 тұрғыны (61,8 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді.