Жоба бойынша аталған сыныптар ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында оқытуды бастайды деп күтілуде. Онда болашақ ІТ мамандары «Цифрлық Қазақстан» жобасының негізінде біліктіліктерін арттыратын болады. Ал, келер жылдан бастап қосымша 900 маман білімін жетілдірмекші. Осылайша аймақта жұмыссыздық деңгейі төмендеп, заман талабына сай мамандар санын арту көзделіп отыр.
Айта кетейік, жуырда ғана М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің базасынан ІТ сынып ашылды. Онда негізінен оқу орнының шәкірттері білімін жетілдіреді. Ал, жаңадан ашылатын орталықтарда жалпы өңірдің 4500-ге тарта азаматы оқытылады деп жоспарланып отыр.