ОҚО-дағы ағаштың жаңа тұқымын шығаратын тәлімбақта тұт өсірмек
Нәтижесінде ағаштың жаңа тұқымы жайқалып өсуі мүмкін. Қазір тәлімбақта ерекше күтімдегі 3 миллион көшет бар. Бұл әдемі ағаштар табиғат аясында өсіп тұрған жоқ, олардың барлығы да тәжірибе үшін өсірілген көшеттер. Маман Дариға Әділбекованың бұл іспен айналысып жүргеніне бірнеше жыл болыпты. Ал осы уақыт аралығында біраз нәтижелерге қол жеткізген. Оның айтуынша, мекемеде ағаш көшеттерін өсірумен айналысқаннан басқа, тәжірибе ретінде бізде жоқ ағаштарды өсіру тәжірибесі жүргізіледі. Атап айтқанда, 2014 жылы аққайың көшетін тұқымынан өсіру үшін сепкен. Одан кейін тұт көшетін өсірген. Бұл облыстық аймақта басқа ешкімде жоқ тұт көшеті. Тұтты тұқымынан өсіріп, көшетке айнадыруға қол жеткізген. Тәжірибе алаңына 1,5 гектар жер берілген. Мамандардың ендігі мақсаты - кез келген ағаш түрін оңтүсік өңірге жерсіндіру. Сол үшін барлық жағдайды жасалған, - дейді тәлімбақ басшылары. Сұранысқа ие бозашра, жай арша, қырым қарағайы, аққайың және жеміс-жидек, алма, алмұрт, өрік көшеттерін айтуға болады. Тәлімбақта қазір 3 млн-нан астам көшет түрі бар. Бақ мамандары еліміздің түкпір-түкпірін аралағанда тек ерекше ағаштарға ғана мән береді екен. Оларды оңтүстікке әкеліп отырғызған. Қазір жайқалып тұр. Ағаштардың тұқымын жинау маусымы ұзаққа созылады. Биыл 3 мың келі ұрық жиналыпты. Енді олар топыраққа себіліп, жасыл желекке айналуы тиіс.