Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Кентау қаласында ауа райының -23 градусқа дейін суытуына байланысты бүгін бір күнге сабақтар тоқтатылып, балабақшалар бүлдіршіндерді қабылдамады.
Ал Созақ ауданында 1-4 сыныптарға екі күнге демалыс жарияланды. Себебі мұнда да аяз -23 градусқа дейін жеткен.
Облыстың өзге қала-аудандарында сабақтар кестеге сәйкес өткізілуде.
«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында 29 қаңтар күні күндіз ауа температурасы 0.. -5 градус болса, түнде -10.. -15 градусты құрайды. Ал 30 қаңтар күні: күндіз 0.. -5 градус, түнде -20..-25, 31 қаңтарда: күндіз -1.. 4, түнде -20..-25 градус болжануда.