ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, келіп жатқан көліктердің саны өзбек тарапының қабылдап отырған санынан асады - бұл «Б.Қонысбаев» кедендік бекетінің қазақстандық тарапында жүк көліктерінің бір жерде жиналып қалуына әкеліп соқтырады.
Көлік құралдарының бір жерде жиналып қалуы Өзбекстан Республикасының 2012 жылдың 1 тамызында көліктік заңнама саласына өзгерістер енгізуімен байланысты. Өзбекстан заңнамасындағы жаңа талаптарға сәйкес жүктердің халықаралық тасымалдауларын жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларға Өзбекстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік өтуді жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат алу керек. Оны Ташкент қаласында орналасқан өкілетті орган береді.
Көліктердің кептелісі мен бір жерде жиналып қалуынан көптеген тасымалдаушылардың тауарларды жеткізу, шетелдік көліктік құралдарының сапарына отандық рұқсат беру мерзімдері өтуде, жекелеген тасымалдаушылар визаларының мерзімдері аяқталуда.
Өз кезегін аталған құжаттардың мерзімдерінің аяқталуы оларды әкімшілік жауапкершілікке және әкімшілік айыппұлдарды төлетуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар тасымалдаушылардың қолында тұрмаған себептермен туындайды.
«Б.Қонысбаев» өткізу бекетінде аталған тұлғалармен түсіндіру жұмыстары өткізілуде. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы кедендік қызметтерінің өзара іс-қимылының аясында іргелес тараптың кедендік бекеті басшылығымен кездесулер талай рет өткізілген.
Ташкент облысы бойынша мемлекеттік кедендік комитетінің басқармасына туындаған жағдай жөнінде және көлік құралдарының жылжуын шапшаңдату бойынша шаралар қолдану және оларды өткізу бекеттерінің арасында реттеу өтінішімен хат жолданды.