Профессордың айтуынша латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі мол. Мәселен:
1. Қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады;
2. Елдің әлемдік экономикаға енуіне мүмкіндік туғызады;
3. Әлдеқайда тұтасқан ұлттық өзгешелікке қол жеткізеді;
4. Қазақстан қоғамының басын біріктіреді;
5. Қазақша сөйлейтіндердің санын көбейтеді;
6. Қазақ тілінің мәртебесін биікке көтереді;
7. Көптеген шет елдермен өзара қарым-қатынас жағдайында жұмыс жасау мүмкіндігін арттырады;
8. Интернетті игеруді жеңілдетеді;
9. Ағылшын тілін меңгеруді оңайлатады;
10. Емлемізді, ережемізді, орфографиямызды жаңғыртады;
11. Тіліміздегі жазу сауаттылығын арттырады;
12. Емле, лексика, орфоэпия мәселелерін жөнге келтіреді;
13. Дүниежүзіндегі техникалық құрал-аспаптарының латын әрпіне негізделген;
14. Түркі халықтары да латын таңбаларына негізделген ортақ әліпбиге көшеді;
15. Тауарлардың көпшілігінде ақпараттық жазулар латын әрпімен жазылғады;
16. Компьютерлік техникалардың көпшілігінің латын әліпбимен жұмыс істейді;
17: Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқартылады;
18. Сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады;
19. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарады;
20. Ол балабақша мен бастауыш мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үдерісін жеңілдетеді;
21. Уақыт та, қаржы да үнемделеді;
22. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады.